Қоқысқа тастамақшы болған: Англия тұрғыны үйін тазалап жүріп, $2,7 млн тұратын асыл тас тауып алды
Басында британиялық зейнеткер жылтырап тұрған тас жай әшекей шығар деп ойлаған және қоқысқа тастай салайын деген. Алайда көршісінің кеңесімен оны зергерге апарып көрсетуді ұйғарған.
Бастапқыда зергер бұл фианит, синтетикалық алмаздың баламасы шығар деп ойлаған. Ал бірнеше күннен кейін оны аспаппен тексресе, тастың 34 каратты бриллиант екенін анықталды. Енді гауһартасты Лондонда 30 қарашада аукционға қояды.
Дереккөз: BBC