14 жастағы қазақстандық нейл-шебер халықаралық арт-олимпиадада жеңіске жетті
Арулат Мұхаметқали Сочиде өткен байқауда ең жас қатысушысы болды. Екібастұздық жасөспірім конкурстағы жұмысты орындауға 7 сағатқа жуық уақыт жұмсаған. Жалпы байқауға 21 елден нейл-шеберлер қатысты.
«Мінеки, мен алғашқы Олимпиадалық жүлдеге ие болдым. Екі жыл бұрын бұл тек арман болатын. Кейде қателестім, кейде қолымнан келмеді. Сіздерге рақмет! Менің алға жылжып, жетістікке жетуіме күш бересіздер»,
— деп жазды жас шебер.
Еске салайық, биыл мамырда Арулат Парижде өткен нейл-чемпионатта бірінші орынға ие болған еді. Одан бұрын жасөспірім Португалия мен Италияда өткен байқауларда жеңіске жетті.
Дереккөз: Tengrinews