Қазақстан кәсіпкерлерінің өз кәсіби мерекесі пайда болады
Оны ресми түрде бекіту бастамасын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көтерді. Жаңа мереке 9 қыркүйекте атап өтілетін болады.
«Мереке табысқа жеткен, адамдарды жұмыспен қамтып, көмек көрсетуге талпынған кәсіп иелеріне алғыс пен құрмет білдіруге арналған»,
— деп атап өтті Палата өкілдері. Ұйым бұл мерекені АҚШ, Үндістан, ҚХР, Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Арменияда атап өтілетінін айтты. Сонымен қатар, екі халықаралық мереке бар: 15 сәуір — Халықаралық кәсіпкерлер күні және 21 тамыз — Дүниежүзілік кәсіпкерлер күні.
Дереккөз: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы