Қазақстанда алғаш рет асық атудан спорт шебері атағы беріле бастады
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Асық ату ойындары федерациясының президенті Ескендір Рахметов айтты. Биыл мамырдағы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы шыққалы Нұр-Сұлтан қаласының 10 асықшысы Қазақстанның спорт шебері және 12 жас спортшы спорт шеберіне үміткер атанды.
Ендігі мақсат- асықтан Азия чемпионатын ұйымдастыру. Ол үшін тағы 4 мемлекет — Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Әзербайжан Асық ату федерацияларын ашуы керек. Қазіргі кезде Моңғолияда, Якутияда, Қырғызстанда және Қазақстанда асық ойындары федерациялары бар.
Дереккөз: Nur.kz