Миллионер болып оянды: Франция тұрғыны лотереядан рекордтық 220 млн еуро ұтып алды

🌐 В мире
18.10.2021
Просмотров: 132

Бұл Еуропадағы лотереядан ең үлкен ұтыс. Сәттілік әкелген сандар: 21, 26, 31, 34 және 49 болып шықты. Жеңімпазға ақшасын 60 күн ішінде алып кетуіне болады.

Бұдан бұрын лотереядан рекордтық ұтысқа Швейцария тұрғыны ие болған еді. Жыл басында өткен лотереяда джекпот сомасы €210 млн құрады. Ал Францияда соңғы рет рекордтық ұтыс 2020 жылдың желтоқсанында тіркелді. Жеңімпаз €200 млн ұтып алды.

Дереккөз: Euronews

Так же вам может быть интересно