Сүйікті ақыным: Алла Пугачева Скриптониттің өнеріне тәнті болды
Ресей эстрадасының примадоннасы өзінің 72 жасқа толуына орай жолдасы Максим Галкиннің «Музыкалити» бағдарламасында қонақ болды. Эфир кезінде Скриптониттің «Чистый» деген әні қойылды. Пугачева рэп орындаушысының шығармашылығымен жақсы таныс болып шықты. Ол тіпті, Скриптонит лақап атымен танымал орындаушы Әділ Жалелов өзінің сүйікті ақыны екенін мойындады.
«Кімді көріп тұрғанын, кімді жек көретінін, кімді жақсы көретінін айтады. Ол – ақын, нағыз ақын»,
— деді Пугачева. Ол Скриптониттің өнерін ең жоғары 10 баллға бағалады.
«Әндерінен адалдық сезіледі. Оның үстіне ең бастысы ол — қазақ. Ал мен қазақтарды қатты жақсы көремін» , —
деді эстрада жұлдызы. Эфир соңында Скриптонит Алла Пугачеваны туған күнімен құттықтап, гүл шоқтарын тарту етті.