Қытайда үйлену тойына 60 келі әшекей киіп алған қалыңдық жүре алмай қалды

⌚ Lifestyle
15.10.2021
Просмотров: 247

Оқиға Қытайдың Хубэй провинциясында орын алды. Дәстүр бойынша күйеу жігіт қалыңмал ретінде сүйіктісіне алтын әшекейлер сатып алып берген. Жалпы ол болашақ жарына әрқайсысының салмағы бір келі тартатын 60 қымбат алқа тақты.

Әшекейлер ауыр болғаны соншалық қалыңдық өздігінен жүре алмай, жігіттің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Айта кетейін, қалың мал төлеу – Азияның, Африканың және Таяу Шығыстың кейбір елдерінде сақталған ежелгі дәстүр. Қытайда қалыңдықтың туыстары некеге келісу үшін әдетте 200 мың юань (12 миллион теңге) мен пәтер талап етеді.

Дәстүр бойынша Қытайда күйеу жігіт қалыңмал ретінде сүйіктісіне алтын әшекейлер сатып алып береді

Дереккөз: Lenta.ru

Метки: Қытай

Так же вам может быть интересно