Ақшаға малынды: Леди Гага 100-долларлық купюрадан тұратын шарф-боа киген суретін жария етті
Фото Лас-Вегасқа барар жолда жеке ұшақтың ішінде жасалған. Әнші эпатажды бейнесін 10 миллион теңге тұратын Hermes Kelly сөмкесімен толықтырды.
Инстаграм жазылушыларының бірі:
«Гага, маған осы шарфты сыйлашы, мен тоңып қалдым»,
— деп жазыпты. 35 жастағы эпатаж ханшайымы жанкүйерлерін таңғалдырудан жалықпайды. Мысалы, 2010 жылы Леди Гага MTV Music Awards кешіне етке ұқсайтын киім киіп келген еді.