«Үйде жалғыз қалғанда» ремейкіндегі жаңа бодипозитивті Кевин жұрт наразылығына ілікті
Кеше әйгілі фильмнің жаңа нұсқасының алғашқы трейлері шықты. Оны көрген желі қолданушылары ремейктің тас-талқанын шығарды.
«Бұл фильм прокатқа шықпаса, Рождестолық ғажап болар еді», «Классиканы бұзудың не керегі бар еді?»,
— деген комментарийлер жетерлік. You Tube-те жария болған трейлер бір тәуліктің ішінде 9 мыңнан астам дизлайк жинады. Ал желіде фильмге неше түрлі мемдер шықты. Еске салайық, «Үйде жалғыз қалғанда» ремейкі түпнұсқалық фильмді толығымен қайталайды. Макс есімді басты кейіпкердің рөлін»Джоджо қоянда» танымал болған 12 жастағы Арчи Йейтс сомдады.
What have they done. #homealone https://t.co/hmmOQouyTU pic.twitter.com/1JKo5e9TGC
— Abi ♡ (@lander_abi) October 13, 2021