Chanel енді бір адамға жылына тек бір сөмкеден сататын болады

🌐 В мире
11.10.2021
Просмотров: 135

Бұл шектеу биыл қазаннан бастап қойылады. Енді брендтың ең танымал Classic Flap Bag пен Coco Handle сөмкелерінің бір жылда тек бір данасын сатып алуға рұқсат.

Компания мұндай шешім арқылы өз тауарларын сирек кездесетін дәрежеге жеткізгізбекші. Сонымен қатар, брендтің жалған нұсқасын жасаушыларға қарсы күреспек. Айта кету керек, биыл Chanel ең танымал тауарларының бағасын үш рет көтерді. Алайда бұл шара сұраным деңгейін түсірген жоқ. Бұдан бұрын сөмкені сатуға лимитті Hermès енгізген еді. Бір адам танымал брендтің аксессуарын жылына екі рет қана сатып ала алады.

Дереккөз: Hyperbeast 

Метки: Chanel

Так же вам может быть интересно