2024 жылдан бастап туристерді әуе шарымен стратосфераға ұшуру жоспарланып отыр
Сиымдылығы 8 адамға жететін герметикалық капсула 30 шақырым биіктікке көтерілетін болады.
Әрине, бұл NASA-ның ғарыш шекарасы деп белгілеген 80 шақырымға жетпейді, алайда World View Enterprises компаниясы туристер естен кетпес көріністерге куәгер болады деп уәде беріп отыр. Сегіз сағатқа созылатын сапардың құны $50 мың болмақ. Джефф Безос компаниясының ракетадағы сапарынан айырмашылығы – бұл сапарға ғарышқа ұшуға дайындығы жоқ туристер де аттана алады.
Дереккөз: Daily Mail