Google текст пен сурет бойынша аралас іздеу функциясын енгізеді
Қолданушылар суретті қарап отырып, «Объектив» деген батырманы басса, осыған ұқсас суреттер шығады. Бұл белгілі бір тауарларды іздеген кезде ыңғайлы.
Мысалы, гүлдің суреті салынған көйлекті қарап отырып, осындай суреті бар жакет деп жазсаң, нейрожүйе жаңа суреттерді ұсынады.
Сонымен қатар, Google информацияны расталған және сенімсіз деп бөлетін болады. Қолданушыларға жаңалық жазған сайт туралы қосымша ақпарат ұсынылады, бұл информацияға сенуге болады ма, жоқ па екенін анықтауға көмектеседі.
Дереккөз: The Verge