Күлкілі жағдай: Түркия тұрғыны құтқарушылармен бірге орманда өз-өзін іздеді
Оқиға Бурсада орын алды. 50-жастағы Бейхан Мутлу достарымен сейілге шыққан. Біраз уақыттан кейін ол серіктерінен бөлініп, орманға кетіп қалған. Оны таба алмаған достары полиция көмегіне жүгінген.
Тәртіп сақшылары жіберген құтқарушылар Бейханды бірнеше сағат бойы іздеген. Құтқару операциясына волонтерлар мен іздестіріліп жатқан адамның өзі қосылды. Мутлу адам жоғалғанын білгенде көмектеспекші болған. Алайда, құтқарушылар оның есімін айтып, айқайлағанда, іздестіріліп жатқан адам өзі екенін түсінген.
Дереккөз: NTV.com