Лондонда екі жастағы вундеркинд төрт тілде сөйлеп, жазуды үйренді
30 жастағы Жазель Андерсон ұлы Исайяның ерекше ақылды екенін бес айлығында байқаған. Сегіз айлығында ол әріп таныған. Қазір бала ағылшын, француз, испан және жапон тілдерінде жазып, санай алады.
Сонымен қатар, кішкентай вундеркинд көбейту таблицасын жаттап, қарапайым математика есептерін шешеді. Анасының айтуынша, ұлы жапон тілінде 40-қа дейін санауды небәрі бір тәулік ішінде үйреніп алған. Балақай, тіпті әлем елдері мен олардың туларын да жаттауға кіріскен.
Дереккөз:Mirror