Алматы демалуға арналған әлемдегі ең қолайлы қала аталуы мүмкін

✈️ Путешествия
28.09.2021
Просмотров: 199

Оңтүстік астанамыз World Travel Awards 2021 атты туризм саласындағы беделді жүлденің екі бірдей номинациясына ие болды: «Демалуға арналған әлемдегі ең қолайлы қала» және «Азиядағы демалуға арналған ең қолайлы қала».

Бұдан бұрын бұл категорияларда Лиссабон мен Токио жеңімпаз атанған еді. Биыл Алматыға Афины, Дубай, Лас-Вегас, Бангкок, Гонконг, Улан-Батор және басқа қалалар бәсекелес болады. Айта кетейік, дауыс беру 24 қазанға дейін жалғасады. Алматыға қолдау көрсету үшін worldtravelawards.com сайтында тіркелу керек.

Дереккөз: TengriTravel 

 

Метки: Алматы

Так же вам может быть интересно