Оңтүстік кореялық телехикая алғаш рет Netflix рейтингінде көш бастады
17 қыркүйекте экранға шыққан «Кальмар ойыны» («Squid Game») атты туынды бір аптаның ішінде қаралым бойынша басқа картиналарды артта қалдырды.
Оңтүстіккореялық драмалық сериал алғаш рет Netflix-те осындай дәрежеге жетіп отыр. Тоғыз эпизодтан тұратын триллерің басты кейіпкерлері өмірге қауіпті жарысқа қатысады. Басты жүлде – $40 млн. Қарызға батқан, ақша үшін бәріне дайын адамдар келесі кезеңге өту үшін қарсыластарынан құтылуға асығады. Сериал көптеген елде, оның ішінде АҚШ-та аса танымалдыққа ие.
Дереккөз: РИА Новости