Жапонияда қан қысымын төмендететін қызанақ сатылымға шықты
Оның құрамында гамма аминомай қышқылының мөлшері бес есеге көбейтілген. Мұндай қызанақ гипертонияға шалдыққан адамдарға пайдалы, себебі қан қысымын төмендетіп, жүрек соғысын баяулатады.
Жаңа сұрыптың аты Sicilian Rouge High GABA. Оны Кумамото префектурасының жылыжайында өсіріледі. Бұл қызанақтар ГМО-ға жатпайды, себебі онда жасанды ДНҚ жоқ. Томаттар тек CRISPR/Cas технологиясы арқылы редакциялаудан өткен.
Дереккөз: Japan News