Израильде азық-түліктің жарамдылық мерзімін қадағалайтын баға көрсеткіштері шығарылды
Олар тауар ескірген сайын, бағаның автоматты түрде төмендеуіне мүмкіндік береді.
Қазір супермаркет қызметкерлері баға көрсеткіштерін қолдан ауыстыруға мәжбүр. Wasteless атты Израильдегі стартап ойлап тапқан технологиясы бұл процессті автоматтандырды. Электронды баға көрсеткіштерді Миландағы дүкендер қолдана бастады.