Америкалық компания 13 қорқынышты фильмді қараған адамға 550 мың теңге ұсынып отыр
Тізімге Стивен Кингтің «Жүгері балалары», «Кэрри», «Мизери», «Жарқырау», «Кристина» және басқа туындылары кірді.
Ерекше жұмысқа тағайындалған үміткерге көрпе, кәмпит, попкорн және қорқынышты сәттерде жүрек соғысын тексереіп отыратын фитнес-трекер беріледі. Фильмді қарап болғаннан кейін, оны толығымен сипаттап, оның тигізген әсері туралы айтып беру керек. Фильмдерді 31 қазанға дейін көріп бітірген адам $1300 алады. Арман жұмысына өтінімді USDish.com сайтында қалдыруға болады.