Қазақстан мен Ресей арасында әуе рейстер саны артады
21 қыркүйектен бастап Мәскеу-Нұр-Сұлтан және Мәскеу-Алматы бағыттары бойынша әуерейстер аптасына 7 рет орындалады. Сонымен қатар, аптасына бір рет Мәскеуден Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Қостанайға ұшақтар ұшады.
Және де дәл осындай жиілікпен Санкт-Петербург – Нұр-Сұлтан, Махачкала – Ақтау, Грозный – Ақтау бағытында әуерейстер орындалады. Оған қоса, Калининградтан Алматы мен Нұр-Сұлтанға, Омбыдан Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавлға ұшақтар ұшады, Новосібір – Нұр-Сұлтан әуерейсі орындалады. Ал 22 қыркүйектен бастап Ақтөбе – Қазан бағытында әуе рейсі іске қосылады. Айта кетейік, қазір, Мәскеуге дейін тікелей рейстің бағасы 300 мың теңгегеден асады.
Дереккөз: Ресей үкіметінің ресми сайты