Қазақстанда кинотеатрлар, караоке және банкет залдары қайта ашылады
Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысына сәйкес мекемелер үш кезеңде ашылады.
Бірінші кезеңде 14 сәуірден бастап жобаға мына мекемелер қатыса алады:
— кинотеатрлар;
— театрлар және филармониялар;
— банкет залдары, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
21 сәуірден бастап:
— туристік агенттіктер;
— бильярд клубтары;
— концерт залдары;
5 мамырдан бастап Ashyq жобасы арқылы «жасыл» аймақтарда
— караоке-барлар
— 50 адамнан аспайтын банкет залдары ашылады.
Еске салайық, Ashyq — қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. «Қызыл» түс адам ПТР-тест тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Ол оқшаулану режимін қатаң ұстануы керек. «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханадан басқа жерге баруға рұқсат етілмейді. «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат. «Жасыл» түс — жүріп-тұруға толығымен рұқсат береді.