Қазақстандық демалыс орындарының табысы 70%-ға өсіп, 22 млрд теңгеден асты
Ал демалысқа келушілердің саны 594 мыңнан бір миллионға жуық адамға дейін өсті. Ең көп табыс тапқан Алматының тау аймағы – ондағы қонақүйлер мен демалыс орындарына 12,5 млрд теңге тиесілі.
Екінші орында Щучинск-Бурабай курорттық аймағы. Оның табысы 4 млрд теңгеге жақындады. ТОП-бестікке Маңғыстау курорттық аймағы, Түркістан мен Алматы облыстары кірді. Еске сала кетейік, келесі жылдың басынан Қазақстанда Kids go free бағдарламасы іске қосылады. 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қазақстандық ТОП-10 бағыты бойынша тегін ұша алатын болады.
Дереккөз: LS