Рекорд жаңартылды: Алматы мектебінде 1-ші «Ю» сыныбы ашылды

🇰🇿 Новости Казахстана
02.09.2021
Просмотров: 167

Биыл 714 бала Наурызбай ауданында орналасқан №157 мектептің табалдырығын алғаш рет аттады. Олар үшін 28 бірінші сынып ашылды. Әрқайсысында 25 баладан оқиды.

Мектептегі оқушылар саны Alma City, Шұғыла және басқа да жаңа шағын аудандардың пайда болуынан кейін күрт өскен. Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы қаласындағы №2 мектебінде 1-ші «Ы» сыныбы тіркелді. Биыл оқу орны 700 баланы бірінші сыныпқа қабылдады. Олар үшін 26 сынып ашылған. Еске салайық, биыл Қазақстанда 394 мың бала бірінші сыныпқа барды.

Дереккөз: Tengrinews

Так же вам может быть интересно