Қазақстан атынан Паралимпиадада 25 спортшы қатысады

⚽ Спорт
19.08.2021
Просмотров: 132

Олар жеті түрлі спорт бойынша бақ сынайды. Биыл қазақстандық пара спортшылар алғаш рет каноэде ескек есу мен оқ атудан жолдама алды.

Паралимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстанның Туын таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Еуропа чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстайды. Паралимпиада Токиода 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.

Дереккөз: Спутник 

Так же вам может быть интересно