Олимпиада жүлдегерлері Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға пәтер кілттері табысталды
Алматы облысы әкімшілігі ауыр атлеттерге екі және үш бөлмелі пәтер сертификаттарын сыйға тартты. Сондай-ақ спортшыларды баптаған жаттықтырушы Сергей Седовқа 2 млн теңге сыйақы берілді.
Еске салайық, Токио Олимпиадасында ауыратлеттер қола медальдарын жеңіп алды. Бұдан бұрын еркін күрестен қола жүлдегері атанған Нұрислам Санаев бүкіл сыйақысын – 31 миллион теңгені мұқтаж қазақстандықтарға таратып беретінін айтқан еді.
Дереккөз: Алматы облысы әкімдігі