Natgeo Шымкент маңында тұратын қыз бен анасының суретін жариялап, миллиондаған жазылушыларды тәнті етті
Герд Людвиг есімді фотограф ұлттық киім киген 12 жастағы Баян мен оның анасын суретке түсірген.
Фотоның авторы олар 20-дан астам қонақты қарсы алу үшін тағамдар әзірлеп жатқанын айтқан. Фотограф сонымен қатар, Шымкент қаласының негізі 12 ғасырда Жібек Жолының бойында қаланғаны туралы атап өткен. Natgeo-ның жазылушылары суретке тәнті болды:
«Керемет фото»! «Ұлттық киім қандай әдемі көрінеді», «Тағамдар дәмді болған шығар»,
— деген комментарийлер бар. Айта кетейік, Natgeo-ның Инстаграмда 178 миллион жазылушылары бар. Қазақстандық қыз бен анасының суреті 118 мыңға жуық лайк жинады.
Дереккөз: Natgeo