Үйде жалғыз қалғанда фильмі қайта оралады: Disney + премьераның қарашада болатынан жария етті
Фильм «Home Sweet Home Alone» («Үйде жалғыз қалғанда: Сүйікті үйім») деп аталады. Басты рөлді 13 жастағы Арчи Йейтс сомдайды.
Ремейкте Макс Мерсер есімді тентек және тапқыр бала туралы айтылады. Ата-аналары оны Жапонияға сапар барар алдында үйде ұмытып кетеді. Түпнұсқалық фильмдегі Маколей Калкиннің кейіпкері секілді Макс қылмыскерлерге қарсы шығады. Алайда 1990 жылғы фильмде жасөспірім ұрлықшылармен күрессе, жаңа нұсқада басты кейіпкер ерлі-зайыпты қылмыскерлерге төтеп береді. «Үйде жалғыз қалғанда: Сүйікті үйім» фильмінің премьерасы 12 қарашада болады.
Дереккөз: Deadline