Қытайлық 14 жастағы Олимпиада чемпионының отбасы 35 млн еуро ақшадан бас тартты
Бұл шамамен 17 млрд теңге. Ақшадан бөлек, Цюань Хунчанның отбасына тегін жиһаз, ойын-сауық парктеріне өмірінің соңына дейінгі тегін билеттер және басқа да сыйлықтар ұсынылған.
Алайда Хунчанның әкесі мұның барлығынан бас тартты. 14 жастағы Цюань Хунчан Токио Олимпиадасында 10 метрлік биіктіктен суға секіруден алтын медаль иеленді. Ол Олимпиада ойындарындағы Қытайдың ең жас өкілі атанды. Жасөспірімнің елінде танымал болғаны сонша, жанкүйерлер оның туған ауылына сапарлар ұйымдастырған.
Дереккөз: Eurosport