Алматы тауларындағы шыңдарға Әлия Молдағұлова мен Димаш Құдайбергеннің есімдері беріледі
Бұл ұсыныс Қорғаныс Министрлігі қарамағындағы «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелерінен келіп түсті.
«Біз Іле-Алатауда Әлия Молдағұлова атындағы шыңның жоқ екеніне қатты таңғалдық. Балалар менен сұрағанда, не деп жауап беретінімді білмедім. Содан кейін картаны ашып, атауы жоқ шыңдарды іздестіре бастадық»,
-деп айтты Шекара қызметінің қарамағындағы «Киров» клубының басшысы Бақытжан Перімбетов.
Жас сарбаздар Алматы тауларындағы атауы жоқ шыңдарға Ұлы Отан Соғысының қаһармандары Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, және бүкіл әлемге танымал болған әнші Димаш Құдайбергеннің есімін беруді ұсынды. Қазір балалар 9 шыңға маршрут салып жатыр. Оларға жаңа атау қыркүйекте беріледі деп күтілуде.
Дереккөз: Tengrinews