Amazon өзінің жүк көліктеріне жүргізушіні бақылайтын ақылды камералар орнатты
Жасанды интеллект оның жол ережелерін сақтауын, мимикасын қадағалайды, мысалы оның көңілі жолдан басқа жаққа ауатын болса, жүргізушінің баллдары төмендейді. Сәйкесінше, айлығы да азаяды.
Апта сайын жасанды интеллект жүргізушіге рейтинг береді. Егер ол жоғары болса, қызметкерге бонус беріледі, ал тым төмен болса, оны жұмыстан шығарып жібереді. Камералар жол бойы қосулы болмайды, олар тек қауіпті жағдай туындағанда, мысалы, жүргізуші кенеттен тежегішке бас салғанда іске қосылады. Белгілі болғандай, ақылды камералар орнатылған көліктер апатқа 48%-ға азырақ ұшырайды екен.
Дереккөз: Business Insider