Қазақстандық боксер Сәкен Бибосынов қарсыласын нокдаунға түсіріп, жартылай финалға шықты

⚽ Спорт
03.08.2021
Просмотров: 133

52 келіге дейінгі салмақта Бибосынов Испания өкілі Габриэль Эскобарды 3:2 есебімен жеңді.

Бірінші раундта Сәкеннің жойқын соққысынан кейін қарсыласы нокдаун алған болатын. Төрешілер бірінші раундтағы жеңісті Бибосыновқа, екінші раундтағы басымдымқы Эскобарға берді. Ал шешуші кезеңде қарсыласына соққыларын дәл тигізген Сәкен Бибосынов жеңіске жетті. Осылайша, Сәкен Олимпиада ойындарының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдегерлер қатарына қосылып отыр. Бибосынов финал жолдамасы үшін таласта британиялық Джамаль Яфаимен жұдырықтасады. Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанның бокс құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шыққан еді.

Дереккөз: Olympic.kz

 

 

 

 

Так же вам может быть интересно