Нью-Йорк аспаздары әлемдегі ең қымбат фри картобын дайындады

⌚ Lifestyle
27.07.2021
Просмотров: 150

Оның құны $200, немесе 85 мың теңге. Ерекше фаст-фудты әзірлеген Serendipity3 ресторанының аспаздары Гиннесc рекордтар кітабына кірді.

Сонымен, әлемдегі ең қымбат фри картобы Калифорнияда өсетін chipperbec картоп сұрыпынан жасалады. Оны франциялық қаз майына қуырып, француз шампанын қосады. Ал дайын болған фри картобына пекорино сыры, италиялық қара трюфельдері мен жеуге жарамды 23-каратты алтын ұнтағын себеді. Әрине, мұндай аса таңдаулы фаст фудқа қарапайым кетчуп жарамайды, сондықтан оның орнына қаймақ, қара трюфельді май, балқытылған швейцариялық грюйер сыры мен трюфель қосылған «Морне» атты соус қосады.

Дереккөз; Daily Mail 

 

Так же вам может быть интересно