Қазақстандық таэквондошы Жансел Дениз Олимпиаданы жеңіспен бастады
67 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Жансел Дениз өзбекстандық спортшы Светлана Осипованы 10:9 есебімен жеңді.
Енді Дениз ширек финалда бағын сынайды. Еске салайық, бүгінге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 жүлде бар. Кеше ауыратлет Зульфия Чиншанло қола медалін жеңіп алды. Одан бұрын 3 орынды дзюдошы Елдос Сметов пен ауыратлет Игорь Сон иеленді.
Дереккөз: Olympic.kz