Алматыда 19 маусымнан бастап карантин талаптары жеңілдетіледі
Бұл күні қаланың «жасыл» аймақта болғанына бір апта болады. Айдың басынан бері Алматыда коронавирустың таралуы 2 есе азайды.
Сондықтан енді супермаркет, азық-түліктік емес дүкендер, жабық базарлар, спа-орталықтары, сауна, бассейндерге шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Ashyq жобасына кіретін ресторандар мен кафелер таңғы 7-ден түңгі 2-ге дейін 50 пайыз толымдықпен жұмыс істейді, егер Ashyq жобасында жоқ болса 30 пайыз толымдық қарастырылған. Дәл осылай кинотеатр мен театрлар, концерт залдары жұмыс істейтін болады.