Қазақстанның вакцинация паспорты қай елге саяхаттауға жарамды екені белгілі болды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Таиланд, Венгрия және Монғолия біздің мемлекетпен екі жақты келісім шартқа тұруға ниет білдіріп отыр.
Сонымен қатар, Түркия мен Кипр да осындай ұсыныс жасаған. Ал, бұдан бұрын туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Мальдив аралдарының билігімен де қазақстандық вакцина паспорты бар туристерді қабылдау бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтқан еді. Десе де, Алексей Цой теріс нәтижелі ПТР-тест болған жағдайда басқа да елдерге еш кедергісіз саяхаттауға болатынын атап өтті.