Қазіргі замаңғы Жүніс: АҚШ-та кит адамды жұтып, қайта түкіріп тастаған
Дайвер дін-аман!
56 жастағы Майкл Паккард Массачусетс штатындағы Кейп-Код түбегінің жағалауынан қайықпен теңізге шыққан. Ол суға сүңгіген кезде қатты соққы алып, теңіз түбіне қарай кеткен. Лобстер ұстаушысы бастапқыда акуланың аузына түстім деп ойлаған, бірақ кейін оның тістері жоқ екенін түсінген. Дайвердің бақытына орай, ыңғайсыздық сезінген кит су бетіне жүзіп шығып, аузына жабысып қалған адамды түкіріп тастаған. Паккард кит аузында шамамен 30-40 секунд өткізген. Десе де, оған айтарлықтай зақым келмеген. Айта кетейік, бөрік киттердің ұзындығы 15 м, ал салмағы 36 тоннаға жетеді.
Дереккөз: BBC