Тұран жолбарысын қалпына келтіру жобасы: Іле-Балқаш резерватына тағы үш-төрт жануар жеткізіледі
Биыл қыркүйек айында резерватқа алғаш рет Нидерланды елінен екі жолбарыс жеткізілді.
Келесі жылы Ресейден тағы үш-төрт жолбарыс әкелу жоспарланған, олардың тұқымы Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деген үміт бар. Тұран жолбарысын қалпына келтіру мақсатында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Ал азық қорын қамтамасыз ету үшін 200-ден астам бас тоғай бұғысы жеткізілді. Бұдан бөлек, құлан әкелінді. Елік пен қабанның саны артты.
Дереккөз: Спутник
Фото: Pixabay