88 жастағы грек марафон жүгіріп өтті

⚽ Спорт
17.12.2024
Просмотров: 33

Плутархос Пурлиакас 42 шақырым қашықтықты 6 сағат 31 минутта бағындырды. Бұл қарияның былтырғы көрсеткішінен 18 минутқа тез. 

Ең қызығы – ер адам 73 жасқа дейін жеңіл атлетикаға құштарлық танытпаған. Жүгіруге оны ұлы шабыттандырған. Бүгінде Плутархос жұмыс күндері төрт-бес шақырым, ал демалыс күндері жиырма шақырым жүгіреді. Биыл қария өміріндегі 12-ші марафонын жүгіріп өтті.

«Мен ешқашан темекі шеккен емеспін. Мен артықшылыққа жол бермеймін,  уақытында ұйықтаймын. Күн сайын аздап ципуро (грек жүзім арағы) ішемін, бірақ сусын ретінде емес, дәрі ретінде»,

— дейді қарт спортшы.

Дереккөз: Guardian 

Фото: Reuters/ Louisa Gouliamaki

Так же вам может быть интересно