Димаштың польшалық жанкүйерлері поляк-қазақ тілашарын шығарды

🎼 Музыка
10.12.2024
Просмотров: 30

Бұл кітап – Қазақстанның қазақ тілі мен мәдениетін насихаттауға бағытталған екі жылдық жұмыстың нәтижесі.

Тілашар шығару идеясы «Димаш радиосында» өткізілген қазақ тілі курстары аясында басталды. Радио тыңдармандары осы курстың арқасында Қазақстанға сапар шегу сияқты тақырыптарда негізгі сөздер мен сөз тіркестерін үйренді. Курстар алматылық оқытушы Беглан Шарымбаевтың көмегімен өткізілді. Ол фан-клубқа сабақ өтіп, қазақша дұрыс сөйлеуді меңгеруге көмектесті. Тілашар Димаштың жанкүйерлерін қазақ тілінің негіздерімен таныстырып қана қоймай, әртүрлі иллюстрациялардың арқасында оқу процесін жеңілдетеді. Авторлардың пікірінше, шағын кітап саяхатшылар үшін Қазақстанның көркем жерлерімен танысуға пайдалы нұсқаулық сонымен қатар, Димаштың жанкүйерлерін оның мәдениетін тереңірек зерттеуге шабыттандырады.

Дереккөз: dimashnews.com

Фото: Instagram/@kudaibergenov.dimash

Так же вам может быть интересно