Маңғыстау етті ең көп тұтынатын облыс атанды: шымкенттікерден 65%-ға көп

🇰🇿 Новости Казахстана
01.11.2024
Просмотров: 300

Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 315 мың тонна ет және тағамдық қосалқы өнімдер өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық.

Жалпы, өткен жылы әрбір қазақстандық жылына 80,1 келі тұтынған. Десе де, Қазақстан ет жегенді жақсы көретін басқа елдермен салыстырғанда едәуір артта қалып отыр. Мысалы, Тонгода әр адам жылына орта есеппен 147 келі ет өнімдерін тұтынады. Одан кейін Моңғолия (137,8 кг). Ал Қазақстанда етті ең көп жейтіндер – маңғыстаулықтар, қаңтар-маусым айларында орта есеппен әрбір тұрғын 49,1 кг ет өнімдерін тұтынған. Екінші және үшінші орында Жамбыл мен Атырау облысы тұр. Етті ең аз тұтынатындар – Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары.

Дереккөз: Energyprom 

Фото: Unsplash

Так же вам может быть интересно