Оңтүстік Кореяда кездесуге барған қыздар мен жігіттерге ақша төленеді
Жұптың әрқайсысы 360 доллар, шамамен 173 мың теңге алады.
Ал неке қиюға бел буған ерлі-зайыптыларға «той сыйлығы» ретінде 7,2 миллион теңгеден астам қосымша сыйақы беріледі. Сондай-ақ жас жұбайларға бес жылға дейін үйді жалға алу ақысын төлеуге көмек көрсетіледі. Жоба демографиялық дағдарысты еңсеруге бағытталған. Оңтүстік Кореяда 2020 жылы дүние жүзінде ең төмен туу көрсеткіші тіркелген.
Дереккөз: Korea.net