Үнді мұхитында қоқыс курорты салынады
Қайта өңделген пластиктан жасалған қалқымалы арал Австралияның Кокос аралдары маңында орналасады. Ол 2025 жылға дейін қонақтарды қабылдай алады деп жоспарланып отыр.
Курорттың орталығын мұхит түбіне байланған ағаш жолдар құрайды. Олардың астында қоқыс жинайтын арнайы қаптар болады. Үстіне жаңа жолдар жасау үшін құм және шламмен қапталған бетон талшықтарының биологиялық ыдырайтын торы орналастырылған. Осылайша арал үнемі кеңейіп отырады. Қонақтар алдымен кемпингте орналастырылады, содан кейін қонақүй салынады. Жуынатын бөлмелерде күн энергиясын қолдана отырып, сүзілген және тазартылған теңіз суы қолданылады.
Дереккөз: Daily Mail