Мальдивте министр сиқыршылық үшін тұтқындалды

🌐 В мире
27.06.2024
Просмотров: 374

Күдікке қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік министр ілініп отыр.

Прокуратура шенеунік президент Мохамед Муизге қарсы сиқыр қолданды деп есептейді. Іс бойынша басқа да күдіктілер бар. Құқық қорғау органдары тергеу құпиясына байланысты одан басқа мәліметтерді жарияламай отыр. Мальдив аралдарының көптеген тұрғындары сиқыршылыққа әлі күнге дейін сенеді және әртүрлі салт-жораларды жасайды екен. Ресми түрде қара магия үшін қылмыстық жаза жоқ, бірақ белгілі бір жағдайларда сиқыршылықпен айналысқан адам алты айға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: ТАСС 

Фото: Unsplash

Так же вам может быть интересно