Қазақстанда көлік салығын төмендету ұсынылды
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік жүргізушілеріне әсер ететін жаңа Салық кодексінің жобасы таныстырды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Жаңа кодекс жобасында қызмет ету мерзімі 10 жылдан асқан көліктерге салық мөлшерлемесін төмендету ұсынылып отыр. «Егер көліктің қызмет ету мерзімі 10 жылдан асса, онда мөлшерлеме 30 пайызға төмендейді, егер көлікке 20 жылдан асса — 50 пайыз», — деп түсіндірді вице-министр.
Фото: Pixabay