Британия тұрғыны әйелімен ажырасқанына Apple компаниясын кінәләп, оған сотқа берді
Соңғы жылдары ер адам iPhone-дағы iMessages көмегімен басқа әйелдермен сөйлесіп, содан кейін хабарламаларды өшірген.
Алайда, ол хабарламалардың смартфонмен байланыстырылған отбасылық iMac-та сақталатынын білмеген. Бір күні әйелі хабарламаларды байқамай оқып қойған. Құпия ашылғаннан кейін ол ажырасуға арыз берді. Ер адам ажырасу процессі кезінде бес миллион фунт стерлингінен айырылды. Ол сондай-ақ денсаулығының сыр бергенін айтып, Apple-ден өтемақы талап етіп отыр.
Дереккөз: The Times
Фото: Unsplash