АҚШ-та 17 жасар жасөспірім Усэйн Болттың рекордын жаңартты
Эррион Найтон есімді Флорида тұрғыны Америкалық жеңіл атлетика одағының жарысында 200 метрлік дистанцияны 20,11 секундта жүгіріп өтті.
Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы Усэйн Болттың 2003 жылы орнатқан көрсеткіші — 20,13 секунд болатын. Енді Найтон Токиода өтетін Олимпиадаға іріктеу жарысына қатысады. Бұдан бұрын Найтон 100 метрлік дистанцияны 9,99 секундта жүгіріп өтті. Ямайкалық жүгірушінің орнатқан әлемдік рекорд көрсеткіші — 9,58 секунд.
Дереккөз: Sports.ru