Тақия, бөрік, сәукеле: Қазақ спортшыларының Олимпиадада киетін форма қандай болады

⚽ Спорт
19.04.2024
Просмотров: 242

Ең бірінші нұсқа — ту ұстап шығатын Асланбек Шымбергенов пен Надежда Дубовицкаяның киімі. Ер адамның киімінде бөрік болса, қызда сәукеле бар. Спортшыларымыз киетін форманың нұсқаларын Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов таныстырды.

Қалған спортшыларымыз парадқа киіп шығатын форма классикалық үлгіде болады. Ол кезде Парижде 40 градусқа дейін ыстық болатыны мәлім. Ауаның ылғалы да жоғары. Сондықтан арнайы матадан жеңсіз нұсқасы тігіледі. Ер спортшылардың басында тақия, қыздар формасының бір үлгісінде шалбар, екінші нұсқасында юбка болады.

Дереккөз: Қазақпарат 

 

Так же вам может быть интересно