Головкиннің бұрынғы қарсыласы Канело Альварес Қазақстанға қолдау білдірді
Мексикалық боксшы еліміздегі су тасқынына алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.
«Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау және Орал, біз сіздермен біргеміз»,
— деп жазды Сауль Альварес. Еске салсақ, Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш мәрте жекпе-жек өткізді. Трилогияның соңғы нүктесі 2022 жылы Альварестің жеңісінен кейін қойылды.
Фото: Instagram/@canelo