Соңғы 40 жыл ішінде шыққан әндердің сөздері қарапайым және біркелкі болып кетті — зерттеушілер
Зерттеушілер 1980-2020 жылдар аралығындағы рэп, кантри, поп, ритм және блюз және рок сияқты ең танымал бес жанрдағы ағылшын тіліндегі әндердің мәтінін талдаған.
Нәтижесінде қазіргі әндердің мәтіні ескі туындыларға қарағанда жеңіл екенін анықтаған, яғни сөздік қоры азайған, әсіресе, рэп және рок-композицияларда. Мамандардың айтуынша, мұның себебі бүгінгі таңда адамдар әндерді фондық режимде тыңдайды және сөздерді тыңдап бастарын қатырмайды.
Дереккөз: Naked Science
Фото: Unsplash