Бразилияда газдалған сусынды ішпек болған екі ара бөтелкенің қақпағын ашты — Видео
You Tube-те жария болған видео осы уақытта миллионға жуық қаралым жинады.
Сан-Паулу қаласының тұрғыны Фантаның жартысын ішіп, қақпағын жауып қойған. Тәтті шырынның иісіне аралар ұшып келген. Олар екі жақтан қақпаққа жабысып алып, бұрап, оны ашады! Желі қолданушылары аралардың мұндай қабілетіне тәнті болды. Бұдан бұрын ғалымдар аралардың қарапайым математикалық тапсырманы орындай алатынын анықтады. Жәндіктерге екі түрлі сурет көрсеткен: бірнеше зат бейнеленген сурет пен өте көп объектілерден тұратын сурет. Біріншісіне ұшып келген араларға тәтті берген. Көп заттар бейнеленген суретке ұшып келгендерге ащы хинин ұсынған. Нәтижесінде аралар мұны түсініп, бірінші суретке қарай бағытталатын болды.
Дереккөз: Газета